Мектеп түлектері суға батып кетті

475

0

Қайғылы оқиға кеше кешкі мезгілде Атырау қаласы Геолог шағын ауданында болған деп хабарлады turkystan.kz.

Екі жасөспірімнің денесі әлі табылмай жатыр. Олар суға түсуге тыйым салынған аумақта шомылған деп жазды AtyrauPress. Екеуі бір-біріне немере бауыр болып келеді екен. Бірі – 15, екіншісі – 16 жаста. Бәрі 14 жастағы інісінің көз алдында болған. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Полиция басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, 1 маусымнан бастап суға шомылуға рұқсат етілмеген аумақтарда алдын алу жұмыстарын жүргізбекші. Өз кезегінде облыстық Полиция департаментінің мамандары тұрғындарды суға шомылу кезінде сақ болуға және белгіленбеген жерде суға түспеуге шақырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<