Аудан бойынша 460 мәдени-көпшілік шара өтті

661

0

Аудан бойынша 460 мәдени-көпшілік шара өтті Сырдария ауданында 2018 жылдың 6 айында 460 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оған 78040 көрермен қатысты. Бұл туралы бүгін облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Ғ.Қазантаев мәлімдеді.
«Аудан халқына 35 мәдениет мекемелері қызмет көрсетуде. Олар 16 мәдениет үйлері мен клубтар, 1 жылжымалы мәдени демалыс кешені, 17 кітапханалар мен 1 тарихи – өлкетану музейі. Ауданда 6 айда 460 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, оған 78040 көрермен қатысты. Аудандағы барлық шаралар Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы және Сырдария ауданының 90 жылдығы аясында ұйымдастырылуда, – деген аудан әкімі Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында 93 ұжымдық талқылаулар өткізілгенін атап өтті.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<