Аудандық ән байқауы

366

0

Жалағаш ауданы М.Шәменов ауылдық округінде айтыскер ақын, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың шығармашылығына арналған аудандық ән байқауы өтті.

Байқауға кент және ауылдық округтерден 15 жас қатысты. Байқау нәтижесінде Далдабай елді мекенінен келген Пазыл Орныққан бас жүлдені иеленіп, арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жүлделі орын иеленген және байқауға қатысқан барлық қатысушылар сыйлықсыз қалмады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<