«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді

333

0

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған шара  2018 жылдың тамыз айының 8-10 күндері аралығында жүргізілді.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары өткізілді.

3 күнде барлығы 1377 құқық бұзушылықтар анықталды.

Оның ішінде  42 дерек техникалық байқаудан өтпеген күйінде басқарғаны үшін ( 590 б.), 168  -көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін ( 591 б.), 186 – белгіленген жылдамдық мөлшерін арттыру ( 592 б.), 273 – қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ( 593 б.), 24   – көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ( 608 б.).

Аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы жұмылдырылып облыс жолдарында автопатрульдер күшейтілген түрде жұмыс атқарды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<