Облыстық балалар ауруханасы (бұдан әрі қарай ОБА) облыстың бала жастағы тұрғындарына шұғыл және жоспарлы хирургиялық бейін науқастарына көмек көрсететіні белгілі. Аурухана 01.01.2017 жылдан бастап іске қосылды. Қазіргі таңда биіктіктен (көп қабатты үйдің терезесіндегі москитті тор арқылы) құлап жарақат алған науқастар азаймай отыр. Сараптама жасайтын болсақ: 2017 жылы – 26 бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап жарақат алған, оның ішінде 92% 3-6 жас аралығындағы балалар. 25 бала толық жазылып, қанағаттанарлық жағдайда үйіне оралғанмен, бір бала шетінеді (яғни баланың алған жарақаты өмір сүруге сиымсыз). 2017 жылы жарақат алған балалардың 84%-на шұғыл ота жасалды.
2018 жылдың І ші жарты жылдығында – 6 бала аталған жарақатпен ауруханаға шұғыл жатқылылып, мамандандырылған көмек қабылдады. Барлық балалар бағымызға орай аман қалып, 30% -на ота жасалып, қанағаттанарлық жағдайында амбулаторлы бақылауға жолданды.
Сонымен қатар 2018 жылдың І ші жарты жылдығында 101 бала жол-көлік оқиғасымен ОБА- сына қаралып, оның ішінде 19% балаға тәулік бойы стационарлық ем қабылдауға ауруханаға жатқызылған. Жол көлік оқиғасымен ем қабылдаған балалар арасында өлім жітім тіркелмегенмен, жатқызылған балалардың 90%-на ота жасалды.
Осы орайда мыналарды ескеру керек:
– Ерте жастағы, мектеп жасына дейінгі балаларды үй жағдайында жеке қалдырмау,
– Өрт қауіпсіздігін сақтау мекемелерімен бірлесіп, терезелерде тор тұтылған үйлердің бала өміріне қауіпсіздігін сақтау,
– Балалардың көшеде өздігімен жүрмеуін қадағалау (әсіресе түн мезгілінде)
– Балалар арасында көшеде жүру тәртібін үнемі үйретіп отыру (көп жағдайда жол өткелінен өтпегенде жол көлік оқиғасы тіркелуде)
– Балаларды жарақаттан сіздер және медицина қызметкерлері болып, бірлесе сақтануға шақырады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<