Ауылға ақын келгенде…

322

0

Айтыскер ақын, әсіресе, Төреғали Төреәлі айтатын хит әндердің сөзін жазатын, аты аңызға айналып жүрген Қайнар Алагөзов Айнакөлдей ауылымызға ат басын тірепті дегенде,  шыны керек, елеңдеп қалғанымыз рас.

Шынымен де Қайнар Алагөзов бауырымыз алақандай ауылымызға келіп, табиғат аясын тамашалап, ауылымыздың тыныс – тіршілігімен танысты. Қазақшылықтан қаймағы бұзылмаған, алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жасар атамыз сәлем беретін қазақ емеспіз бе,  ауылымыз да қолынан келгенше қонақжайлылығын танытып-ақ бақты. Көмекбаев Сәбит ағамыздың үйіне түсіп, дастарханнан дәм татты. Ауыл жастары түгел дерлік Сәбит ағамыздың үйіне Қайнар ақынның өлеңін тыңдауға жиналды. Қайнар бауырымыз да ауыл жастарын жатсынбай, небір сүбелі сөздерден тұратын жыр -маржандарын төкті. Сәбит ағаның 50-келгенде сүйген кенжесі Дидардың аузына түкіріп, ақ тілегін білдірді.Сол күні ақын жырларына тояттамай да қалдық, тыңдағымыз келе бергенмен Қайнарды да, бізді де таңғы шаруалар күтіп тұрды. Дегенмен, солкүнікөңілімізкөтеріліп, ерекшеқанаттаныпқайтқанедік.

Алтын ЖҰМАХАНҚЫЗЫ, 

№175 негізгі мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 

мұғалімі 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<