Ауа райы қандай болады?

663

0

Қазгидромет 21-23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.


«Бұрынғыша ауқымды антициклон, Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына әсерін сақтап қалады», деп жазады Қазгидромет.

Негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-шығыс пен батыста, фронтальдік бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауылмен жел күшейеді.

Температура күндіз солтүстікте, орталықта — 23-35, оңтүстік және оңтүстік-шығыста — 28-39, шығыста — 17-28 градус жылы болады. Елдің батысында, әлі де ыстық ауа райы сақталады. Ауа температурасы 33-41 градус аралығында болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<