Ауа райына байланысты елорда әуежайында 16 рейс кейінге қалды

625

0

– Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты елорда әуежайында 16 рейс тоқтатылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада ауа райының бұзылуы жол-көлік оқиғалары мен рейстердің тоқтатылуына себеп болды.

«Күн райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келетін, одан ұшып шығатын бірнеше рейс тоқтатылды. Жолаушылар толық ақпаратты әуежайдың анықтама бөлімінен немесе әуе компанияларының колл-орталығынан біле алады», – деп түсіндіріп өтті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.

Елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы ұшып шығуы тиіс 6 рейс пен қонуы тиіс 10 рейстің кейінге шегерілгенін нақтылады.