Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек бірқатар нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бағамдады.
Алдымен Ақай ауылдық округінде бой көтерген денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңына барып, нысанның сапасын және пайдалануға беру алдындағы дайындық жұмыстарын тексерді. Тиісті сала басшылары мен ауыл әкіміне құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауды және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Одан кейін аудан басшысы Жосалы кентінде болып, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін жақсарту, көктемгі абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарын жандандыру және Наурыз мерекесіне дайындықты күшейту қажеттігін ескертті. Осы бағытта мекеме басшылары мен кәсіп иелеріне нақты тапсырмалар беріп, сала басшылары мен кент әкіміне тиісті міндеттер жүктеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<