Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлері және тиісті сала басшыларымен бірге 21 бекет елді мекенінің бойымен өтетін К-4, L-5 қашыртқы каналдары мен Өзек арнасының тазалау жұмыстарын арнайы барып көріп, барысын бақылады.
Аталған каналдарды тазарту жұмыстары ауыл тұрғындарының өтініші негізінде жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат Шиелі кенті, Жансейіт және 21 бекет елді мекендерінен ыза суларды тиімді өткізу арқылы су жиналу мәселесінің алдын алу. Сонымен қатар, бұл жұмыстар егін алқаптарын уақытылы әрі сапалы суаруға мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді.
Қазіргі таңда тазалау жұмыстары арнайы техникалардың көмегімен жүйелі түрде жүргізілуде. Жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде орындалуы аудан басшысы Айтбай Жандарбековтың тұрақты бақылауында.
Айта кету керек, аталған жұмыстар «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесі тарапынан атқарылуда.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.






