Аудан басшысы: Оқушылар жаңа оқу жылына еш кедергісіз қосылуы керек

507

0

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Іңкәрдария ауылындағы №191 мектептің жаңа оқу жылына дайындығымен танысып, одан әрі ауыл ақсақалдарымен кездесті.

Іңкәрдария ауылы – аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдардың бірі. Ауылда мектеп, шағын орталық, емхана, ауылдық клуб үйі, кітапхана, ветеринарлық станция, қазпошта байланыс бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. Әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысу жұмыстарын аудан басшысы №191 мектептен бастап, мектептің жаңа оқу жылына ағымдағы жөндеуден өтуі және жылу беру маусымына дайындығын көріп шықты. Жаңа оқу жылына еш кедергісіз мектептің іске қосылуын ауыл әкімі мен мектеп директорына қатаң тапсырды.

– «Жаздың әр күні қысқа азық» деген бар. Жігіттер жайбарақат жүретін уақыт емес. Тез арада ағымдағы жөндеуді аяқтап, қысқы жылу беру маусымына тексеріс жұмыстарын жүргізіңіздер. Отын-суды осы бастан әзірлеп, балалар 1- қыркүйекте жаңа оқу жылын еш кедергісіз қосылуы керек, – деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.

Ауыл ақсақалдарымен өткен кездесуде ауылдағы негізгі проблемалармен танысып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Кездесу соңында ауылдық клубтың үйірмелері ұсынған «Сағындым әке өзіңді» атты ауыл тұрғындарына арналған концерттік бағдарламаға қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<