Аудандағы бірқатар нысандарды аралады

304

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бір қатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдымен аудан басшысы «Тәуелсіздік» ықшам ауданында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің жұмысын бақылады. Нысан басында тиісті сала басшыларына тұрғын үйлердің сапалы және мерзімінде салынуын қатаң қадағалауды тапсырды.

Сондай-ақ, ықшам ауданды газдандыру жұмыстарын көріп, жобаны жүзеге асыру жобасымен танысты.

Одан кейін, С. Ысқақов көшесін жөндеу және Қ. Жолдыбаев, Т. Рысқұлов көшелерін абаттандыру жұмыстарының барысын қадағалады. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің бойындағы жағажай құрылысының жұмысымен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<