Аудандық елдімекендерде ауызсу мәселесі оң шешімін тапты

450

0

Мемлекет басшысының биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауында ел экономикасын көтерудің басты тетіктері аталып өтті.  

Соның ішінде ауыз су мәселесін толық шешу – ең бірінші міндет. Президент бұл бағыттағы жобалардың сапалы, жұмыстар тиянақты болуға тиіс екенін атап өтті. Жол карталары мен жоспарлар нақтыланып, елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту жұмысы жүйелі жүргізілуі керек.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында сапалы ауыз сумен 39 елді мекендегі 85 мыңнан аса тұрғынның 98 пайызы қамтамасыз етілген. Оның ішінде орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 23 елді мекен, оқшау су көздері арқылы 7 елді мекен, ұңғыма арқылы 5 елді мекен, «Теміржол су – Қызылорда» ЖШС арқылы 4 елді мекен қамтылған.

Биылдың өзінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы аясында Шиелі ауданында Қызылқайың елдімекенінде және Қосүйеңкі елді мекенінде ауыз сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймаларының құрылысы жүріп жатыр. Жоба бойынша 15 тонна су мұнарасы, 2 ұңғыма қазылды. Сонымен қатар 1,845 км ауыз су желісі жүргізілуде. Аталған нысан қараша айында пайдалануға беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<