Ауданға жоңышқа жеткізілуде

524

0

Арал ауданында қыс-көктем мезгілдерінде жауын-шашынның аз түсуінен  орын алған қуаңшылық салдарынан мал жайылымына қажетті шөп шығымының аздығы өзекті мәселе болып отыр.

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде комиссия отырысын өткізіп, жауапты мамандарға төрт түлік малды жем-шөппен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жасауды тапсырған болатын.

Осы орайда, аудан кәсіпкерлері тарапынан  көршілес аудандардан жоңышқа шөбінің престері әкелінуде. Жеткізілген жем-шөп қоры алдымен қиын жағдайдағы ауылдық округтерге сатылымға ұсынылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<