Ауданда 2023 жылы барлық сала бойынша даму динамикасы сақталды. Мәселен, өткен жылы ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 75166,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2022 жылдың осы деңгейіне қарағанда 32,8 пайызға ұлғайған. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі 21510 млн. теңгені құрап, көрсеткіш 12,1 пайызға өскен.
Былтыр аудан экономикасына 65523,0 млн. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, 2022 жылмен (47043,0 млн. теңге) салыстырғанда өсім 40,4 пайыз. Сондай-ақ, 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 25088 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, көрсеткіш 3,8 пайызға артты. Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 16298,0 млн. теңгені құрап, 85,3 пайызға өсті (2022 жылы 8072,0 шаршы метр).
Бұдан бөлек, ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2023 жылы 27350,4 млн. теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға ұлғайған.
Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 96,6 пайызды (36815 бас), оның ішінде сиырлар 111,9%-ды (24751 бас), жылқы 98,4 %-ды (19616 бас), түйе 96,8%-ды (1591 бас), қой мен ешкі 88,0%-ды (27327 бас), құс 103,7 % -ды (12936 бас) құрады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<