Ауданның экономикалық өсу қарқыны тұрақты бақылауда

13512

0

2023 жылдың 10 айында аудан бюджетінің сапалы, толық атқарылуы мақсатында аудан әкімінің сала бойынша жауапты орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов, дербес бөлім басшыларын, кент және ауылдық округ әкімдерін қабылдады.

Қабылдауда күн тәртібіне сәйкес Республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің игерілуі, есепті кезеңге нысандар бойынша қаралған қаржыларына талдау жасалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілген жұмыстар талқыланып, жергілікті және дербес бюджет түсімдерінің атқарылуы талқыланды.

Аудан бойынша 2023 жылға салық базасын ұлғайту, резервтерді анықтау бойынша алгоритмнің іс-шаралар жоспарын орындалу барысы қаралды.

Ай сайынғы тұрақты қадағалау мен қаржыны жүйелі жоспарлау арқасында бүгінде ауданда экономикалық өсім қалыптасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<