Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

786

0

Қызылорда гарнизоны Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлім жеке құрамы Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 34 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті.

«Ауған ардагерлері мәңгі жанымызда» тақырыбындағы іс-шараға Қызылорда облыстық «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Жаров пен осы бірлестік төрағасының орынбасары Талғат Жәкебаев, әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы капитан Нұржігіт Қалмырзаев, әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант Ақылбек Болат пен бөлімнің жеке құрамы тартылды.

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

Мерекелік кездесу Ауған соғысында қаза тапқан жауынгер қандастарымызды бір минуттық еске алумен басталды. Ұйымдастырылған мерекелік кездесу сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарына толықтай жауап алды. Ардагерлер өздерінің бастан кешкен оқиғаларын әскери қызметшілерге жеткізіп, мұңмен еске алды. Әңгіме барысында қазіргі жастардың патриоттық тәрбиесі туралы әңгіме қозғалып, болашақ жастарды отансүйгіштікке, қайсарлыққа, білімділікке тәрбиелеу жолдары да сөз болды.

– Міне, осы жылы соғыстың аяқталғанына да 34 жыл толыпты. Соғыс кезіндегі қаза болған жауынгер достарымызды еске алу біз үшін парыз. Барлық болған көріністер әлі де көз алдымызда. Ауған жерінде қан кешкен майдангерлерімізді құрметтеу – ұрпақ міндеті. Ешкім де ұмыт болмайды, – деді «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Жаров.

Жиын соңында әскери бөлім басшылығы керемет әсер сыйлаған кездесу үшін Ауған соғысының ардагерлеріне алғысын білдіріп, арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстады.

Мұхит Қонаров,

Қызылорда гарнизоны

баспасөз қызметінің

бастығы, лейтенант

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<