Биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толды.
Бүгін Ауған соғысының құрбандарын еске алуға арналған тағзым алаңында ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті. Шараға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағыштады.
Еске алу шарасы мерекелік салтанатты шарамен жалғасты. Аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов ауған жеріндегі сұрапыл соғыстан елге аман-есен келіп, бейбіт күннің батырлары атанған ардагерлерге құрмет көрсетті. Сонымен қатар, бірқатар жауынгер ардагерлерге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың алғыс хаттары мен мерекелік медальдарды табыстады.
Аталмыш шаралар легі Ауған соғысында қаза тапқан сарбаздардың рухына арналған ас берумен қорытындыланды.
Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<