Ауғанстандағы жер сілкінісінен 120 адам көз жұмған

512

0

Ауғанстанның батысында жер сілкінісі болды. Биліктің айтуынша, көп адам әлі үйіндінің астынан шығарылмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында болған үлкен жер сілкінісінен кем дегенде 120 адам қаза тауып, мыңнан астамы жарақат алған.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, 7 қазанда аймақта магнитудасы 6,3 жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, одан кейін бірнеше жер сілкінісі болды.

Түркіменстандағы Ашхабад тұрғындары да дүмпулерді сезген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<