Облыстық полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық тас жолының Тасбөгет кенті тұсында қызмет атқару барысында Арал ауданының 57 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Lada-Kalina» автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.Тексеру барысында жолаушыдан газет қиындысына оралған шөп ұнтақтары тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат кептірілген марихуана екені белгілі болды.Сонымен қатар күдіктінің үйінің ауласында 5 түп сораны егіп баптағаны анықталды. Қазір Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен және 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Гүлбану МАҚАЖАН,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<