Ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

175

0

Фото: Жаңақорған ауданының әкімдігі

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық шарасы аясында 14 тамыз – Қызылорда облысының күні болып белгіленді. Осы орайда, Жаңақорғанда «Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ» атты ұранымен ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына зиялы қауым, ҮЕҰ өкілдері, ерікті жастар мен мекеме, кәсіпорын, Береке, Тиын сауда үйлерінің қызметкерлері қатысып, белсенділік танытты. Табиғат жанашырлары Жаңақорған кентіндегі «Жашыкөл», «Нұр базары», орталық стадион аумақтарын тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартып, сырлау, әктеу абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық шараға 150-ге жуық адам, 6 техника жұмылдырылып, 5 тонна қоқыс шығарылды.

Айта кету керек, республикалық экологиялық шара басталғалы ауданда 850 тазалық іс-шара өтіп, оған 326 мекеме, кәсіпорын және кәсіпкерлік ұжымдары, жалпы 19 716 адам қатысты. 7 мың түп ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, 19 тарихи-мәдени ескерткіштер аумағы тазаланып, 76 саябақ және скверлер ретке келтірілді. Бұдан бөлек, 13 241-дан астам жеке үйлердің және 512 әлеуметтік нысандардың айналасы тазаланып, нәтижесінде 651 тонна қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» республикалық шарасына Жаңақорған ауданының халқы белсенді қатысуда және жергілікті тұрғындарды тазалыққа шақыруда.

Бұл бағыттағы шаралар әлі де жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<