Ауқымды жобалар жүзеге асуда

482

0

Ақжарма ауылдық округіне де ерекше көңіл бөлініп, жылдар бойы өзекті мәселе саналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Бүгінде нысан аумағында қызу жұмыстар жүруде. Жоспар бойынша амбулаторияны жыл соңына дейін табыстау көзделуде.

Қала әкімімен кездесуде тұрғындар ең қажетті шаруаның шешімі табылғанына алғыстарын білдірді. Бұл елдімекенде мұнан да бөлек ауқымды жобалар жүзеге асуда. Яғни, инженерлік-инфрақұрылым дамып, жаңа аялдамалар, жарық бағаналары орнатылуда. Жыл басынан бері Талдыаралдағы электр желілері жаңартылып, қосымша ауыз су ұңғымасын қазуға жоба-сметалық құжаттары әзірленді.

Тұрғындар берекелі бастамаларға қолдау білдіретіндігін айтып, ауыл маңайындағы мал жайылымдық жерлерді ұлғайту бойынша ұсыныстарын жеткізді. Шаһар басшысы аталған мәселеге орай шаруашылық иелерімен нақты жұмыстар жасалатын болады деді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<