Елде індеттің таралуына байланысты қазір науқас жандарды оттегімен қамтамасыз ететін құрылғылардың маңызы зор. Соған сәйкес Арал ауданында ауруханаға кәсіпкерлер мен жомарт жандардың қолдауымен оттегі шығаратын құрылғылар берілуде.
Кеше Арал ауданаралық ауруханаға облыстық құрылысшылар қауымдастығының демеушілігімен алынған 2 дана оттегі концентраторы аппараты табысталды.
Аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов аурухана дәрігерлеріне құрылғыларды табыс етіп, ақ халатты жандардың жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, игілікті іс жасаған облыстық құрылысшылар қауымдастығына алғысын жеткізді.
Аурухана дәрігерлері тыныс алу жолдары ауруларының алдын алу үшін қолданылатын және қандағы оттегі деңгейін уақытында жоғарылатуға мүмкіндік беретін су мен ауадан оттегі шығаратын бұл құрылғылардың науқастарға үлкен мүмкіндік сыйлайтындығын айтып, демеушілерге ризашылықтарын білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<