Ауыл әкімдері сайлауының қорытындысы

624

0

2023 жылғы 23 сәуірде өткен Жалағаш ауданының Аққұм және Мырзабай ахун ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны – 1331 адам, оның ішінде Аққұм сайлау округінде 815 адам, Мырзабай ахун сайлау округінде 516 адам.

Дауыс беру қорытындысы бойынша:

– Аққұм сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 813 адамның кандидат Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлына – 639, кандидат Костанбаев Нурлан Мирамбековичке – 98, Шынжыров Бауыржан Серікұлына – 76 дауыс берілді. Барлығына қарсы белгісімен дауыс бергендер жоқ.

Дауыс беру қорытындысымен Аққұм ауылдық округінің әкімі болып Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлы сайланды.

1990 жылы туған, «Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, ұлты қазақ, «Amanat» партиясының мүшесі, Жалағаш ауданының Аққұм ауылында тұрады.

Мырзабай ахун сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 515 адамның кандидат Әбсаттаров Жомарт Серікбайұлына – 56, кандидат Мәлік Нұржан Дәулетбекұлына – 64, Тауыпбаев Ғалым Камидиновичке – 395 дауыс берілді. Барлығына қарсы белгісімен дауыс бергендер жоқ.

Дауыс беру қорытындысымен Мырзабай ахун ауылдық округінің әкімі болып Тауыпбаев Ғалым Камидинович сайланды.

1976 жылы туған, «Тауыпбаев Г» шаруа қожалығының төрағасы, ұлты қазақ, Жалағаш ауданының Мырзабай ахун ауылында тұрады.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<