Тұрғындарды жұмыспен қамту және еңбек табысын арттыру аясында қолға алынған «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасының алға қойған міндеттерін түсіндіруге арналған мобильді топ Арал ауданына қарасты Ақирек, Қамыстыбас ауылдарында болды.
Кездесуде мобильді топ мүшелері жоба аясында еліміздегі әрбір ауыл мен қала өндірісінің басым бағыттарын айқындап, географиялық ерекшеліктері, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстары бойынша ақпараттар берді.
Кездесу барысында ауыл азаматтарының сұрақтары мен ұсыныстарына нақты жауаптар берді. Ауыл тұрғындарын негізгі алаңдататын мәселенің бірі – несиеге кепілдік. Өйткені кәсіппен айналысқысы келетін адамдар бар, бірақ құжаттарды рәсімдеу, кепілдікке қойылатын мүлік мәселесі қиындық туғызады. Сонымен қатар, мал шаруашылығымен айналысу үшін жайылымдық жердің, судың, жем-шөптің тапшылығы да өзекті күйде.
Мобильдік топ жұмысы әрі қарай Қазалы ауданында жалғасатын болады.
«СБ» ақпарат





