«Ауыл азаматтарын белсенді болуға шақырамын!»

689

0

Бүгін еліміздің тарихында алғаш рет ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерін сайлау жүргізіліп жатыр. Сырдария ауданында 3 ауылдың әкімін халық сайлауда. Оның ішінде, Нағи Ілиясов ауылының тұрғындары өз таңдауларын жасауда.

Осыған дейін ауыл әкімдерін аудандық мәслихат депутаттары сайлап келген еді. Ендігі кезекте, ауыл халқының дауыс беруі арқылы ауыл әкімі сайланады. Ауыл тұрғыны ретінде менде өз таңдауымды жасадым. Көпшілік санитарлық талаптарды сақтай отырып, таңертеңнен бері дауыс беруде. Саяси науқанда әрбір ауыл азаматын белсенді болуға шақырамын.

Дархан ЕРАЛИЕВ,

аудандық мәслихат депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<