Ауыл педагогтері біліктілігін көтеруде

803

0

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығында жас мұғалімдердің «Жас ұстаз: табысқа апарар жол»ІІ республикалық форумы аяқталды.Жас ұстаздардың біліктілігін көтеруге арналған шараға Қызылорда облысынан аудандық және қаланың шет аймақтарында  орналасқан 9 ауыл педагогі қатысты.

Биылғы «Жас ұстаз – 2023» бағдарламасының басты ерекшелігі – сұранысқа ие алаңда ауылда еңбек етіп жүрген табысты 180 жас ұстаздар бас қосты. Олардың барлығы ауылдық білім берудің әлеуетін дамыту аясындағы жобаға қатысып жатқан тірек мектептерде жұмыс істейді.

– Жаңа оқу жылы басталмас бұрын жас мұғалімдердің республикалық форумын өткізудің өзектілігі сонда, олардың әрқайсысы өзінің жеке даму траекториясын білім берудегі әлемдік трендтермен салыстырады. Ауыл мектебінде жұмыс істеу – нағыз миссия екенін бәріміз түсінеміз, ал «Жас ұстаз» кәсіби дамудың жаңа кезеңін ашады, – деп делегаттарға қош келдің айттыБілім беру жөніндегі жаһандық комиссияның Азия хабының комиссары Күләш Шәмшидинова.

Әр форумда «Галстуксіз кездесуге» оқу-ағарту министрінің келуі әдемі дәстүрге айналып барады.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың экспромттары қанатты сөздерге айналып, форум делегаттары өздеріне  түртіп алды.

– Менің өмірдегі барлық жетістіктерім оқушылардың арқасында ғана мүмкін болды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин жақсы бір мақалды еске салды: «Егер ынта бар болса, ғаламда қиын іс жоқ».

– Сондықтан біздің жас әріптестеріміздің ынта-жігері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оң нәтижеге қол жеткізе алады деп ойлаймын.

Жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдердің Бірінші Азия паралимпиада ойындарының жүлдегері  Азамат Оразбек,  ғалым-зерттеуші, «Mbionics» компаниясының негізін қалаушы, бірегей экзоскелеттің авторы Мәулен Бектұрғанов, «бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері, балаларға арналған бокс секциясының жетекшісі Мұхит Амантаевпен кездесуден шабыттанған ұстаздар қаншама рет қол соққанын есептеу қиын! Олардың әрқайсысын өз  замандастарына шабыт пен жігер  бере алатын абсолютті мотивациялық көшбасшы деп атауға болады.

Форумда қазіргі кәсіби басымдықтарға арналған тақырыптық алаңдар жұмыс істеді: тиімді жоспарлау, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, эмоционалды интеллекті дамыту, мұғалім жұмысындағы зерттеулер, оқытудағы саралаулар, бағалау. 

– Армандағы мектеп – киіз үй болғанда, бұрышқа ешкім тұрмайды –
бұндай қорытындыға форум делегаттары болашақ мектептің ең батыл және шығармашылық үлгілеріне арналған педагогикалық квест барысында келді. Олар Ыбырай Алтынсарин атындағы «Қара шаңырақ», Саммерхилл және Монтессорр, Вальдорф, «Дальтон-план» мектептерін ғана емес, өздерінің манифесттерін де ұсынды.

–Бұл шараның басты мақсаты – ауыл мектебіндегі жас ұстаздардың беделін көтеру. Біз өз облысымыздағы, ауылымыздағы әріптестерімізбен тәжірибе бөлісіп, түрлі әдіс-тәсілдерді меңгердік. Ауыл мектебін таңдаудағы басты мақсатым – өзім түлеп ұшқан алтын ұя мектебімнің беделін көтеру. Сондай-ақ ауыл мектептеріндегі оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, мәртебесін көтеру, – дейді Сырдария ауданы, Амангелді ауылы №42 мектеп-лицейі мұғалімі  Піржан Төлеген облысы.

«Мұғалім жұмысындағы зерттеулер» тақырыбы болса, ұлттық құндылығымыз – киіз үйдің ассоциациясымен керемет ұштасқан болатын: форум қатысушылары соның моделінде зерттеу сабағының жоспарын құрастырды. Шұғыла Қалиханова мен Күнсая Утешева өткізген шеберлік сабақта жас ұстаздар зерттеу жұмысын дайындау процесімен танысты. Алаңның тағы бір өзекті тақырыбы – «Өз эмоциямызды басқарып үйренейік». Қызжібек Абдраманова мен Сәуле Журунтаева өзіннің және өзгенің эмоциясын оқу, оларды басқару және олардың себебін түсіну жөнінде айтты. Дауыс тембрі, ым-ишара тілі, дене мүсіні, арома-имидж – бұл ұстаздың имиджін қалыптастырып қана қоймай, сабақ атмосферасын құратыны сөзсіз.

«Функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырып алаңының тренерлері Қаламқас Абдикаримова мен Талғат Мукутовтардың пікірінше, педагогтың басты мақсаты – білімді тіпті тәжірибеде емес, өмірде қолдануы. Қазіргі таңда функционалдық сауаттылық анықтамасына дағды мен тәжірибе, талдау және түсіну, стандартты емес өмірлік жағдайлар мен сыни тұрғыдан ойлау ұғымдары кіреді.

Табыс синергиясын құру үшін мұғалім педагогикалық, мазмұндық және технологиялық білімді өз тәжірибесіне қалай кіріктіре алады? Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Ринат Рамазанов пен Бауыржан Ділманов TPACK Journey шеберлік сыныбында форум делегаттары үшін өзекті сұраққа жауап берді.

Форум финалының леп белгісін «Сәттілікке ие бол» бірегей лотереясы қойды. Бірегейлігі сол, барлық жеңімпаздарға Педагогикалық шеберлік орталығынан вебинарларға сертификаттар мен еліміздің барлық мұғалімдері армандайтын Lesson box қорапшасы табыс етілді. Бүгінде барлық форум делегаттары олардың әрқайсысының жолы  болғанына сенімді, өйткені нағыз сәттілік – Жас ұстазға қатысу!

– Бірінші «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы жас әріптестеріміз әр мектептің стратегиялық ресурсы екенін дәлелдеді. Олар қазіргі таңдағы білім беруге жаңа идеялар мен жаңа шешімдерді енгізеді, балаға қолайлы атмосфера мен цифрлық білім беру ортасын қалыптастырады. Сонымен қатар форум табысқа жету жолында ең креативті және табысты мұғалімдерді біріктіреді. Бүгін біз барлық өңірдегі ауылдық мектептердің атынан қатысатын екінші форумның қатысушылары да жаңа буынның кәсібилігіне сенім ұялататынына қуаныштымыз, – деп атап өтті Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» – тағы да өзінің символдық атауын ақтады. Екінші республикалық форум елімізде жас мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа шығармашылық алаңы құрылғанын растады.

Ауыл педагогтері біліктілігін көтеруде

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<