«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бюджеттік бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат

362

0

АӨК субъектілеріне қаржылық жүктемені төмендету мақсатында несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемені арзандату механизмі 2014 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бағдарламасы арқылы АӨК субъектілеріне ауыл шаруашылығында алынған несиелерінің сыйақы мөлшерлемелерін (10 пайызын) субсидиялау жүзеге асырылып келеді.

2022 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидасының сыйақы мөлшерлемелерінің субсидиялау нормативі өзгертілді.

Жаңадан қабылданған Қағиданың 4-тармағына сәйкес субсидиялау мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:

1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған;

2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған;

3) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған.

Осы бағытта көрсетілген қарыз шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 пайыздың теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады.

Ұсынысты қарастыру кезінде қарыз шарты жасалып жатқан сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі қолданылады.

Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен 7,5 жылдық пайыздық жиынтық сомасы мен қарыз алушының теңгемен төлеген 6% арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі мемлекеттік бюджеттен субсидияланады.

Бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2016-2021 жылдары аралығында барлығы 1289 АӨК шаруашылықтары субсидияланды.

Жалпы бағдарламаға 2022 жылы 189 қарыз шарты негізінде 35 АӨК субъектілері қатысты.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (2022 жылы  140 – ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарына, 22 – айналым қаражатын толықтыру, 51 – негізгі құралдарды сатып алу, 11 – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу).

Нәтижесінде несие алған шаруашылық құрылымдардың қаржылық жағдайын жақсартуға едәуір мемлекеттен көмек көрсетілді.

Бұл өз кезегінде өндірісті жолға қойып, шығарылатын өнімнің көлемі арттыруға ықпал етеді. Мемлекеттік қолдау шеңберінде бөлінген қаражат көбірек шаруашылық санын қамтуға мүмкіндік беріп, АӨК субъектілерінің қаржылық қызметке қол жетімділігін арттырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<