Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында айтты.
Ауыл шаруашылығы министрлігінде ІҚМ және ұсақ мал бордақылау алаңдары үшін бастапқы кезеңде 50 млрд теңге сомасында қысқамерзімді қаражат тарту мәселесі пысықталуда. Ведомство басшысының айтуынша, селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты субсидиялау қайта қаралады. Оның орнына жеңілдікпен несиелеуге және субсидиялардың жеңіл басқарылатын түрлеріне көшу: мал бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарына тапсыру үшін нормативтерді арттыру ұсынылуда. Осылайша, пайда табуды ынталандыру – бұл асылдандыру жұмысының түпкілікті нәтижесі.
«Жалпы, біздің міндетіміз – әр шаруашылықта мал шаруашылығын дамыту, өйткені мал шаруашылығы – ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамту, жем-шөпке деген сұраныс, сұранысқа ие өнім өндіру»,– деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<