Бүгін Қазалыда аудандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Тұрғындар ауылдық округтерден әкелінген өнімдерді 10-15 пайызға арзандатылған бағамен сатып алды.
Бұл жолғы жәрмеңкеге ауылдардан қауын-қарбыз, картоп, көкөніс пен жеміс-жидек түрлері, ет, сүт, балық өнімдері ұсынылды. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты.
Жергілікті шаруалардың өнімдерін насихаттауды мақсат тұтқан шара алдағы уақытта да жалғаса бермек. Жәрмеңкеге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, ауылдық округтерден әкелінген бау-бақша өнімдерімен танысты.
Аудан басшысы жәрмеңкеге келген тұрғындармен пікір алмасып, биылғы өнімнің сапасына оң бағасын берді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<