Ауыл шаруашылығы саласында өндіру көлемі артты

520

0

Сыр елінде соңғы 5 жылда жалпы өңірлік өнімдегі агросектордың үлесі 4%-ға дейін өсті. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бұл инвестициялардың өсім қарқыны мен жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты екенін атап өтті.

-Мысалы, 2019 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына 6,7 млрд теңге инвестицияланса, тек 9 айда көрсеткіш 8 млрд теңгеден асты. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты шамамен 12%-ға өсті, оның ішінде 98%-қайта өңделген өнім.Алғаш рет Ресейге мұздатылған көкөніспен жаңа піскен қызанақ жеткізуді бастадық, Германияға алғашқы 420 тонна қамыс жіберілді. Жалпы, биыл әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспортталды, – деді облыс әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<