Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

1144

0

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында 3 сәуір күні Қызылорда қаласында барлық аудан және Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері қала тұрғындарына нарық бағасынан 15-20 пайызға төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.

Жәрмеңке Астана даңғылы бойында (Е.Көшербаев көшесі мен А.Иманов көшесінің аралығы) өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<