Ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар

5

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депута­ты:

– Қазір банк­­тер кәсіп­кер­лік­ке 20 па­йыз­бен несие бе­ре­­­ді. Ондай па­йызбен ша­ғын және ор­та биз­­нес­ті да­мы­­­ту мүмкін емес. Бұл үл­кен ке­дергі. Ең бас­тысы осы мәселені ше­­ше­тін болсақ, аза­маттардың жұмыс іс­те­уіне қолайлы жағдай туады. Тағы бір мә­селе, биылдан бастап жаңа Салық ко­дексі ен­гізілді. Бірақ кәсіпкерлер та­ра­пы­нан бірқатар мәселе туындап жатыр. Оның бірі – жеке кәсіп­кер жеңілдетілген дек­ла­рация жүйесімен жұмыс істейтін бол­са, онда ол заңды тұлға­ның шығынына жатқы­зыл­майды. Осы мәселені кейін қайта қарауымыз керек. Жалпы Салық ко­дексінің қолданылуы  барысында кейбір мәсе­лелерге байланысты өз­­герістер енгізуге да­йын­быз. Сонымен қатар экономика сала­сында, әсі­ресе ауыл шаруа­шы­лығын дамытуға қа­тыс­ты көптеген мәселе бар. Айталық, «Ауыл ама­наты» бағдарламасы жү­­зеге  асы­рылып жа­тыр. Ауыл шаруашылығында кә­сіп­керлікпен айна­лы­са­тын­дарға 2,5 пайыз жеңіл­де­тіл­ген несие­мен қаражат бері­леді. Осы қаражаттың көле­мін ұл­ға­йтқан жөн. Сонымен қатар қара­жатты алу­да кепілдік мә­селесі шешілмей жатыр. Өйт­­кені ауыл­дағы үйлердің құ­ны төмен. Ол кепілге кел­мейді. Сондықтан осы мәсе­лені шешетін бол­сақ, ауыл шаруа­шылығын дамытуға мүмкіндік туады.