Ауыл тұрғындарымен кездесті

454

0

Фото: ашық дереккөз

Қазалы ауданына жақын орналасқан ауылдардың бірі – Абай ауылы. Екі аралықты Сырдария өзені бөліп жатқан округтің бүгінгі аяқ алысы көңіл қуантарлықтай.

Былтырдың өзінде елді мекен жұрты үшін жағымды жаңалықтар аз болмады.
Мәселен, мұнда газ құрылысы жүріп, қазіргі күні аяқталуға жақын. Сәтін салса, абайлық ағайын көгілдір отын игілігін көретін күн алыс емес. Мұнан бөлек, дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, ауылдағы орталық саябақ абаттандырылды.

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Абай ауылына арнайы барып, ондағы әлеуметтік нысандардың жұмысын көрді, сондай-ақ елді мекеннің халқыменде кездесті.

Абай ауылдық клубында өткен басқосуда аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен алдағы жоспарлар жайында айтып өтті.

Мұнан соң ауылдағы №23 «Қарлығаш» балабақшасы, Абай атындағы №90 орта мектеп, әкімшілік ғимараты мен дәрігерлік амбулаторияның және ауылды газдандыру жұмыстарының барысын көрді.

Аудан басшысы ауыл халқымен мекеме басшыларына ең әуелі тазалық мәселесіне аса мән беріп, ауылды көркейту-көгалдандыру бағытында ауызбіршілікпен жұмыс жасауға шақырды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<