Ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелер назарға алынды

759

0

Майлыбас  пен  Қамыстыбас тұрғындарын жол, электр жарығы мен су мәселесі мазалайды. Олар осы және өзгеде мәселелерін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының мобильді тобының көшпелі қабылдауы  барысында атап өтті.

Алыстан келген ел азаматтарына ауылдың аманатын арқалап келген Майлыбас ауылдық округі тұрғындары көгілдір отын, су мәселесі, электр желілерін жаңғырту, жұмыссыздық, көлдерді суландыру мен инфроқұрылым шаруаларын шешуге ықпал жасалса деген тілектерін білдірді. Солардың бірі Ақсуат ауылынан келіп отырған Куаныш Рзаханұлы. Ауыл тұрғыны электр желілері мен трансформатор қондырғыларының тозуын алға тартып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілсе дейді. 

Ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелер назарға алынды

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасыновтың айтуынша ауыл ішіндегі Ғ.Мұратбаев және А.Есмамбетов көшелерін түнгі жарық шамдарын жүргізу мен жолдарын жөндеу жұмыстары бойынша қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім берілген, қаржылай қолдау күтілуде. Ал, жалпы Майлыбас ауылдық округіне қарасты Байқожа станциясы электр желілерін жаңадан тарту жұмыстары аясында қазіргі таңда тиісті есептемелер жүргізіліп жатқан көрінеді.

Қамыстыбас тұрғындары болса, бұрын соңды жабылып қалған ауылдағы аурухананы қайта іске қосу, демалыс орны жағажайды ретке келтіру, сонымен қатар, сондағы жалға алынған жерлердің мерзімін ұзарту, теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік секілді мәселелерді көтерді. 

Ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелер назарға алынды

̶ Темір жол ауылды қиып өтеді. Ауылымыз шағын болғанымен осы шойын жолдың екі бетінде 2000-нан аса тұрғын бар. Бұрын тұрғындардың ары-бері өткендегі қауіпсіздігі үшін арнайы бекеттерде реттеуші мамандар жұмыс істейтін. Ол мамандарды қысқартып жіберді. Осы мәселені қайта қарап, арнайы штат бөлінсе үлкен сауап болар еді. «AMANAT» партиясы өкілдері бүгін ауылымызға келіп, халықтың барлық тілегін тыңдап жатыр, көкейдегі көп мәселені жеткіздік. Біртіндеп шешіледі деп жатыр. Келген азаматтардың жұмысына сәттілік тілеймін. Халықтың алғысына бөлене берсін», ̶ дейді ауыл тұрғыны, көп балалы ана Бақыткүл Тлеубайқызы.

Жалпы Арал, Қазалы аудандарының шалғай елді мекендерінде ұйымдастырылған мобильді қоғамдық қабылдау жұмысы барасында партия мүшелері мен атқарушы органдардың өкілдеріне 40 азамат жүгінді. Кейбір мәселелер сол жерде оң шешімін тапса, қалған өтініштер бойынша кеңестер беріліп, бір бөлігі бақылауға алынды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<