Ауыл әкімі 10 миллион теңгеден асы ақша жымқырғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкімі «Сәулет 2012″ ЖШС мердігер ұйымының басшысымен келісе отырып, Сарыкемер ауылының көшелерін жарықтандыруды жөндеуге арналған 10 миллионнан астам теңгені жымқырған. Бұл ретте, тараптар күмәнді мәліметтері бар нысанды қабылдау-тапсырудың жалған актілеріне қол қойды, бірақ іс жүзінде жұмыс орындалмады. Кінәлілер сотталды», – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері бюджет қаражатын жымқыру – елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін қоса айтты. Тәуекелдерге ең көп ұшырайтын бюджеттік қаражаттың ірі сомалары шоғырланған орын – мемлекеттік сатып алу саласы екенін де еске салды.





