Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Мәжіліс отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес ауылдық аумақтарды дамыту туралы мәселе қаралып, бірқатар тапсырмалар берілді.
«Ағымдағы жылы аудан бойынша ауылдық аумақтарды дамыту бойынша жалпы құны 4,0 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, Ақсу және М.Шәменов елді мекендерін газдандыру, Мырзабай ахун, Мақпалкөл және Аламесек ауылдарында электр желілерін жаңғырту, Бұқарбай батыр, Аққұм, Аламесек елді мекендерінде барлығы 26 көшені жөндеу және Таң ауылдық округіндегі мәдениет үйін күрделі жөндеу.
Аталған жобалар өте маңызды. Ендігі кезекте бұл нысандардың сапасына аса мән беру қажет»,-деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов
Сонымен қатар, 3 елді мекеннің электр желілерін жаңғырту жұмыстарын үнемі бақылауда ұстап, құрылыс жұмыстарының сапалы болуын қамтамасыз етуді жеткізді.
Сондай-ақ, 2 елді мекеннің газдандыруы мен 3 елді мекеннің ішкі көшелерінің жөндеу жұмыстарын бақылап, сапалы болуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Аталған нысандардың сапалы болуына ауылдық округ әкімдері де мүдделі болуы тиіс екендігі ескертіліп, сала бойынша жауапты аудан әкімінің отынбасары Әліби Қодарұлына қатаң бақылауға алу тапсырылды.
Мәжіліс отырысында аудан әкімі Ардақ Ибраимов үсітіміздегі жылы өткен «Көктем-2024» республикалық оқу-жаттығу жұмыстарына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов қатысып, командалық-штабтық оқу-жаттығуы ауданда жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 9-11 ақпан күндері аралығында Ақтөбе облысының аумағындағы қатты боранға байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының бірнеше шақырым аралығы жабылып, автокөліктердің жүрісіне уақытша шектеу қойылды.
Бұл ретте, аудан әкімдігі жанынан арнайы штаб құрылып тиісті шаралар қабылданды.
Аудандық полиция, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойында орналасқан ауылдық округтер тарапынан жолаушыларды эвакуациялық пункттерге жеткізумен қатар ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, қажетті көмектер көрсетілді.
Сондай-ақ, медицина қызметкерлер алғашқы көмектерін көрсетіп, жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер де өз үлестерін қосты.
Осы орайда, елдің ауызбіршілігі мен татулығын көрсетіп, ортақ іске жұмыла кіріскен азаматтар облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<