Ауылдық округ әкімдерін қабылдады

305

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет ауылдық округ әкімдерін қабылдауды жалғастырды.

Қабылдау барысында елді мекендердегі барлық сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен белгіленген жоспарлардың орындалу көрсеткіштері жайында мәселелер қаралды.

Аудан басшысы барлық ауылдық округтерде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту мен «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар ауылды дамытудың өзге де салаларына ден қойып, ауылды абаттандыру, көркейту жұмыстарына баса назар аудару керектігін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<