Ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

346

0

Аудандағы бүгінгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Қазалы қаласында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде саудаға салынған өнімдердің басым көпшілігі жергілікті жерде өсірілетін өнімдер.

Жәрмеңкеге Майдакөл, Ғ.Мұратбаев, Басықара, Көларық, Майлыбас, Қызылқұм, Шәкен ауылдық округтері мен Қазалы қаласы қауын-қарбыз, балық, күріш, қой-тоқты және жем-шөп алып келсе, өзге кәсіпкерлер картоп, көкөніс және азық – түлік өнімдерін де сатты.

Жәрмеңкеге келушілердің қатары өте көп. Әсіресе, мұнда картоп пен жуаны сондай-ақ Кәукей ауылынан әкелінген балықты таласып алып жатқандарды көптеп кездестіруге болады.

Жәрмеңкеге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, ауылдық округтерден әкелінген бау-бақша өнімдерімен танысты. Аудан басшысы жәрмеңкеге келген тұрғындармен пікір алмасып, биылғы өнімнің сапасына оң бағасын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<