Бүгінде еліміздің көптеген аймағында су тасқыны салдарынан ауыртпалық көрініс беріп отыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауында тұр.
Президент бүгін су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуін жариялады. Онда бұл проблеманың туындауына қандай жағдайлар әсер еткенін атап өтіп, одан шығу жолдары жөнінде пікірін білдірді.
Расында, Мемлекет басшысы атап өткеніндей, кейінгі жылдарда су шаруашылығы саласына немқұрайлы қарау белең алып кеткенін жасыра алмаймыз. Кезінде осы мақсатта тәжірибелі мамандар жұмыс жасап, елді тасқын судан аман сақтап қалды.
Жалпы, табиғаттың тосын мінезіне қай уақытта да сақтықпен қарауыыз қажет. Өкініштісі, қазір оған көбіміз мән бере бермейміз. Мәселен, кезінде топан судың елді мекендерге тікелей бармауы үшін су жолдары жиі тазаланып тұратын еді. Бүгінде олардың бірде-бірі сақтала бермейді. Сондай-ақ, су басу қаупі аймағында орналасқан аумақтарда тұрғын үйлер салынып кетті. Айналып келгенде, олардың барлығы осындай қиын сәтте жағдайды қиындатып, қаншама шығанның келуіне итермелеп отыр.
Ендігі кезекте бәріміз су тасқынына әрдайым дайын болу міндеті тұр. Қысқы уақытта ол ылғалдың жиналуына көктемде сақадай сай болу шарт. Оған қоса су шаруашылығы саласы мамандарын дайындауға барынша назар аударуымыз тиіс.
Мемлекет басшысы өз Үндеуінде осындай жағдайларды кеңінен қамтып, бұл бағытта алдағы уақытта тиісті іс-шаралардың қолға алынатынын атап өтті. Қай сәтте де елдің бірлігі мұндай қиын сәттерді еңсере түсетіні белгілі. Сол себепті бүгінгі жіберген қателігіміз ертеңгі күнге сабақ болады деген ойдамын.
Жорабек Нұрымбетов,
«ҚазСуШар» РМК Қызылорда филиалының «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің басшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<