Ауызсу: Ақау неден шықты?

546

0

Қызылорда қаласына қарасты елді мекендерде ауызсу жүйесінде ақау орын алған болатын. Қазіргі таңда арнайы топ құрылып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов хабарлады.

– Орын алған ақауды анықтай келе, насос станциясында орналасқан 3 ұңғыманың екеуі істен шыққаны белгілі болды. Осылайша таза су лайланған. Қазір «Ақсуат» ауылдық округінің тұрғындарына Маханбет және «Наурыз» елді мекендерінде орналасқан ұңғымалардан ауызсу берілуде. Бүгінде 2 авариялық топ қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ақау шыққан ұңғыманың жалпы тереңдігі 420 метр болса, қазір оның 380 метрі тазаланды, – деді Ерлан Жоламанов.

– Су ұңғымаларында пайда болған техникалық ақауды ретке келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. «Ақсуат» ауылдық окугіндегі тұрғындарға үшінші ұңғымадан ауызсу берілді. Ал істен шыққан 2 ұңғымаға тазалық жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтірілуде, – деді «Нұра» топтық су құбыры ШЖҚ РМК филиалы директорының топтық су құбырлары бойынша орынбасары Ержан Әмиша.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<