Ауызсу мәселесі – басты назарда

630

0

Қызылорда қаласына қарасты елді мекендерде ауыз су жүйесіне байланысты ақау орын алған болатын. Қазіргі таңда арнайы топ құрылып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов хабарлады.

– Орын алған ақаулықты анықтай келе, насос станциясында орналасқан 3 ұңғыманың екеуі істен шыққаны белгілі болды. Осылайша таза су лайланған. Қазіргі таңда Ақсуат ауылдық округінің тұрғындарына Маханбет және Наурыз елді мекендерінде орналасқан ұңғымалардан ауыз су берілуде. Қазіргі таңда 2 авариялық топ қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Ақау орын алған ұңғыманың жалпы тереңдігі – 420 метр болса, қазір оның 380 метрі тазаланды, – деді Ерлан Жоламанов. -Су ұңғымаларында пайда болған техникалық ақаулықты ретке келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда Ақсуат ауылдық окугіндегі тұрғындарға үшінші ұңғымадан ауыз су берілуде. Ал істен шыққан 2 ұңғымаға тазалық жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтірілуде, – деді «Нұра» топтық су құбыры ШЖҚ РМК филиалы директорының топтық су құбырлары бойынша орынбасары Ержан Әмиша.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<