Шиелілік кәсіпкер Мөлдір Дүйсенова жетім балаларды, толық емес, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға ағылшын тілін тегін үйретуде.
Бірнеше мемлекетте арнайы оқудан өтіп, тәжірибе жинақтаған маман аудан бойынша 3 мың оқушыға тіл үйретпек. «Ағылшын тілі курсы 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Ең алғаш ашылған кезде жалғыз өзім сабақ беретінмін. Уақыт өте келе командамызға 10-нан аса мұғалім қосылып, 4 жерде филиал ашылды. Осы күні ауыл мектептерінен ұсыныстар түсіп жатыр», – деді М.Дүйсенова.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<