АЙМАҚ ДАМУЫНА АЙРЫҚША ҮЛЕС

356

0

Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірі біздің қоғамға үлкен міндеттер жүктейді. Ол үдеден шығып, елдің дамуына, әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне елдің әрбір азаматы өз үлесін қосып, белсенділік танытуы тиіс.
«Бес институционалдық рефор­маны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспарының кезең-кезеңімен жүзеге асырылуына негізделген биылғы дәстүрлі Жолдау алдағы уақытта он басты міндетті шешуге үндейді. Инновациялық технологияны енгізу арқылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастырумен қатар қысқарылуы мүмкін жұмыс күшін жаңа талаптарға бейімдеу міндеттері жүктелді. Ресурстық әлеуетті дамытуды жалғастырып, баламалы энергияның үлесін 2030 жылдарға 30 процент, ал 2050 жылдарға 80 процентке жеткізу көзделіп отыр. Астанада өткізілген «ЭКСПО-2017» көрмесінде әлем бойынша жасыл энергияның қарқынды дамып келе жатқандығына көз жеткіздік, ендеше кейін бұл межеге қол жеткізерімізге сенім мол.
Еліміздің инвестициялық тар­тым­дылығының дамуына қаржы саласындағы есептіліктің ашықтылығы, түсімдері мен шы­ғыстарының дұрыс жоспарлануы, шағын және орта бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғауға қаралған бюджеттер бойынша ақ­параттың қолжетімділігі де зор әсер етеді. Әлеуетті инвесторлар елдегі адам құқықтарының қорғалуы, заңдардың қатаң сақталуын бағалай отырып, елімізге инвестиция салуға оң шешім қабылдайды. Бюджет саласын реттеуге, есеп­­тіліктердің қолжетімділігіне, мем­ле­кеттік бюджеттің дұрыс қа­лып­тасуына Қаржы министр­лігі­нің құ­ры­лымы Қазынашылық ор­ганының үлесі зор. Республикалық бюджетпен қатар, жергілікті бюд­­жеттердің атқарылуына қыз­мет көрсете отырып, ел қазы­насы түсімдерінің жүйелі тү­сірілуін, бюджет шығыстарының мерзімінде, мақсатты, үнемді жұм­салуына оң ықпал етуде. Қазы­на­шылықтың ақпараттық жүйе­лері мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі, мемлекеттік кірістер саласының ақпараттық жүйе­лерімен біріктірілген. Осы­ған сәйкес облыстық қазы­на­шы­лық департаменті бірік­тіріл­ген ақпараттық жүйе арқылы жер­гілікті бюджеттердің жоспар­ла­нуын, түсімдерінің жүйелі тү­сі­рілуін, мем­лекеттік сатып алу бойынша мәмі­ле­лер жа­салуын, мін­­деттемелердің тір­келуін қада­ға­­лайды. Алынған міндет­те­мелер бойынша төлемдердің, бюджет са­ласы қызметкерлерінің еңбек ақылары мен  әлеуметтік төлем­дерінің уақытылы тө­ленуіне, бюджет шығыстарының мақ­сатты жұмсалуына бақылау жасайды.
Облыстық қазынашылық депар­таменті облысымыздағы кент­тік, ауылдық әкімдіктерге жергілікті IV деңгей бюджетінің енгізілуін ұйым­дастыру бойынша міндеттерді кезең-кезеңімен жүйелі атқарып келеді. Қазір осы IV деңгей бойынша 65 бюджет енгізілген болса, 2020 жылы енгізілуі жоспарланған 81 ауылдық бюджеттердің уақытылы, қиындықсыз қалыптасуына атсалысатын боламыз.
Ауылдық жерлерге дербес бюджет енгізілуі ауылдық аймақтардың әлеу­меттік ахуалын жақсарта түсіп, ауыл тұрғындарының өз елді мекендерінің дамуына, онда шағын кәсіпкерлік субъектілерін ашуға, отбасылық шаруа­шылықтарын кеңей­тіп, ауыл бюджетіне түсетін салықтар мен басқа да салықтық емес түсімдерді көбейтуге септігін тигізетін болады. Орталық органдардан бөлінетін қаржыға тәуел­ді болмай, керісінше елді мекен төңірегінде өндірістердің дамуына атсалысу, кәсіпкерлік субъек­тілерімен әлеуметтік серіктестік орнатып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жергілікті мәселелерді дербес шешудің мүмкіншіліктеріне жол ашылмақ.
Биылғы Жолдаудың бесінші бағыты ретінде шешілуге тиіс міндеттердің бірі – құрылыс пен коммуналдық секторға жаңа за­манға сай технологияларды ен­гізу. Құрылыс салуда заманауи материалдарды қолдана оты­рып, ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына, энер­гиялық тиімділігіне жоғары талап­тар қойылмақ. Елді мекен­дер­ді сапалы ауызсумен қамту да осы міндеттер аясында жүзеге асырылмақ. Осы тұрғыдан Қазы­нашылық жүйесінің болашақта алдына қойған мақсаттарының бірі – жергілікті жерлердегі жаңа­дан тұрғызылатын құрылыс жұ­мыс­тарын сүйемелдеу болмақ. Қазынашылық құрылысқа жұмса­латын шығындардың ішін­де жер­гілікті жерге төленетін салық­тардың, құрылысқа қатысты жұ­­­мыс­­шылардың жалақысы мен әлеу­меттік төлемдерінің, мем­лекеттік міндеттемелер бойынша төлемдердің уақытылы төленуін қамтамасыз ететін болады. Бұл жұмыстар құрылыс жүргізуші бас мердігер мен қосалқы мердігерлерге қазынашылықтан шоттар ашу арқылы ұйымдастырылып, банктік операцияларға жұмсалатын шығын­дарын үнемдеп, әлеуметтік төлем­дер Қазынашылық жүйесінің ішкі операциялары болатындықтан тегін аударымдар жасалуын қамтамасыз етпек. Сонымен қатар мемлекеттік тапсырысты орындауға барынша бәсекеге қабілетті мердігерлер тартылып, салықтан жалтарушы мердігерлердің салыққа бере­шек­тері Қазынашылықта ашыл­ған шот­­­тарындағы қаражат­тарынан өнді­ріліп, жергілікті бюджеттерге  салықтың уақытылы түсуін қам­­тамасыз етіп, әлеуметтік мін­дет­темелердің өз шеңберінде орындалуына септігін тигізеді. Бұл жұ­мыстар аумағымызға күрделі өндіріс пен тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салу жұмыстарына инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, сол ар­қылы аумағымыздың дамуына зор үлес қосарына сеніміміз мол.
Қ.МЫРЗА,
облыс бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<