Ақын шығармашылығы арқау болды

434

0

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Абайдың 175 жылдығы аясында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»  атты  концерт жүргізушілерінің  облыстық конкурсы өтті. Оған Қызылорда қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен аудандардан  23 талапкер қатысты.

Шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы ұйымдас­тырды. Әдеби музыкалық шарада ақын шығармалары кеңінен насихатталды. Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері оқылып, әндері орындалды. Хакім шығармаларының тағылымдық мазмұны тар­қатылып, жалпы поэзияның сыр-сипатын таныту арқылы талантты  жастарды концерт жүргізушілікке бейімдеуге көңіл бөлінді.

Нәтижесінде Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, сахналық шеберлігін таныта білген  Шерхан Кәрібаев (Қармақшы ауданы) І орынды жеңіп алды. Өміржан Мінуаров (Шиелі ауданы) ІІ орынды, жалағаштық Жайна Дайрабайқызы және шиелілік Думан Сәбитов жүлделі ІІІ орындарды иеленсе, Жалағаш ауданынан Еркебұлан Отар мен Қазалы ауданынан Нұрдәулет Ыбырай ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Айта кетейік, конкурс жеңімпаздары алдағы уақытта облыс­тық деңгейде өтетін шараларға қатысып, тәжірибесін жетілдіретін болады.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<