Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды кезеңде өзінің «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты бағдарламасын Қазақстан халқына жария етіп, ең негізгі үш бағытты айқындаған болатын. Бағдарламада саясат, елдегі жүргізілетін реформалар, сондай-ақ экономика және әлеуметтік салаға қатысты мәселелер толық қамтылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағдарламада белгіленген міндеттерді жүзеге асыру іс-қимыл жоспарын бекітті. Іс-қимыл жоспарындағы мемлекеттік қызметті жетілдіру, сот жүйесін жаңғырту, полиция қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік секторға қоғамдық бақылау мен есеп беруін күшейту маңызды. Монополистер тарапынан бәсекеге кедергілерді жою және асыра пайдалануды болдырмау, азаматтарға кепілді әлеуметтік қолдау көрсетуде бірыңғай стандарттар белгілеу, олардың қаржылық мүдделерін қорғау және басқа да бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Сонымен қатар, Президент Жолдауында бағаны қалыптастырудың және тарифтің мәселелерімен жүйелі және заттай түрде айналысу керектігін айтты. Осыған орай, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстағы департаменті айқындалған міндеттерді орындау бойынша іс-шаралар белгіледі. Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тұтынушылардың қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау күшейтіледі. Қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етіледі, табиғи монополия субъектілері мен қоғамдық маңызы бар субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуі бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттердің дер кезінде орындалуына бір кісідей жұмыла жұмыс жасаймыз.
Гүлмира ӨТЕГЕНОВА,
ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<