Қайырымдылық-адам жанының нұры

360

0

Қайырымдылық-адам жанының нұры «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясында ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері мұқтаж жандарға көмек көрсете білді.
Ауылдағы әлеуметтік тұрғыда көмек қажет ететін отбасынан шыққан  мектеп оқушыларына мекеме атынан мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет майоры С.Мақсұтов және кадр жұмысы тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Ә.Каримов сыйлықтарын табыс етті.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Тартоғай ауылының тұрғыны 7(жеті) баланың анасы, жалғыз басты ана Парвана Байрамоваға көмек көрсетілді. Отбасында мектеп жасындағы 4 баласын мекеме қызметкерлері толықтай мектеп құралдарымен қамтамасыз етті. Бұл шара балаларға жақсы әсер қалдырғандығы соншалықты, қуаныштарында шек жоқ. Балалардың ата- аналары мекеме ұжымына шексіз алғысын білдірді.
Ә.Каримов,
ЗК-169/4 мекемесінің
кадр жұмысы тобының аға инспекторы,
әділет аға лейтенанты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<