ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ – ҚАДІРЛІ ІС

404

0

Қайырымдылық атадан балаға ұласып келе жатқан игі дәстүр. Осы құндылықты мақсат тұта отырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жеңілдетуге бағытталған акциялар ауданымызда жиі өткізіледі. Соның бірі – республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы.
Қайырымдылық жасасаң, қайырымды өзің көресің» дейді халық даналығы. Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында аудан басшысы М.Ергешбаевтың бастамасымен қолдауды қажет ететін жандарға қайырымдылық көмектер жасалуда.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ауданымызда ағымдағы жылдың 9 тамызында басталды.
Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Əрбір адам шарапаты мол істерді жасауға атсалысса, нұр үстіне нұр болар еді.
Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі игілікті істердің қатарына жатады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<