Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 мектепте өткен «Тәуелсіз елдің тірегі – жас ұстаздар» атты облыстық жастар форумы тартымдылығымен ерекшеленді. Өз жұмысын жалынды жастар жетекшісі Ғани Мұратбаевтың мұражайынабарып, танысудан бастаған форумға қатысушылар Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің «Серпін» жастар кеңесінің атқарған істеріне шолу жасап, «ZHAS PROJECT» жобасымен жасап отырған жас ұстаздар көрмесімен танысты.
Жиналғандар алдында Қазалы ауданы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті жанынан құрылған «Серпін» жастар кеңесінің есебін берген кеңес төрағасы Талант Нұрмаханов тұғырлы биіктен көрінерлік талапты жастардың бастамасынан құрылған, қоғам өміріне араласып өзіндік қолтаңба қалдыруды жөн санаған қазалылық «Серпін» жастар кеңесі уақыттың межесімен санаспай толымды істердің ұйытқысы болуда. Өткен жылы «Кәсіподақтар күніне»орай облыстық іс-шараға қатысып белсенділік таныттық. Ауданда бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдарының қатысқан шараның жоғары деңгейде өтуіне «Серпін» жастар кеңесі үлкен үлесін қосты. Қамбаш көлі жағалауындағы «Наурыз» жағажайының ашылуына ойын мен биге толы күндердің қызықты өтуіне жастар кеңесінің қосқан үлесі зор. Жастардың шығармашылығын дамыту, жастар белсенділігін арттыру қашанда қоғамнан тыс қалған жағдай емес. «Серпін» жастар кеңесінің төрағасы Талант Нұрмаханов «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы, Баянауыл өлкесінде ұйымдастырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес жастардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуларын, отансүйгіштік пен мәдениет сезімін дамыту мақсатын көздеген «Кәсіптік жаңару мен жаңғыру» атты жас ұстаздардың республикалық жазғы лагерінде болып, өзара тәжірибе алмасудан өтіп қайтты.«Серпін» жастар кеңесі облыстық, аудандық білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығына белсенділікпен қатысып келеді дей келе бірқатар жайттарды ортаға салды.
Форумда Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Байназарова мән – мағыналы құттықтау сөз сөйлеп, «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілесов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Сәуле Жарболова және басқалар өз ойларын ортаға салды. Шараға Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов қатысты.Форумғм қатысушылар Үндеу қабылдап, пікірлерімен бөлісті.
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы.
Қазалы ауданы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<