Қызылордалық Азамат Бектас бокстан ел біріншілігінде 80 келі салмақта чемпион атанды. Бұл – жерлесіміздің ересектер арасында қол жеткізген тұңғыш медалі.
Азамат финалда Дәулет Төлемісовпен қолғап түйістірді. Қарсыласы да осал болған жоқ. Жастар арасында жоғары табыстарды бағындырып жүрген Дәулет те жеңіс тұғырынан көрінуге бар күшін салды. Жекпе-жек барысында қос саңлақ тартысты бәсеке өткізді. Әсіресе, Азамат жасаған соққылар діттеген жеріне дөп тиіп жатты. Әрбір сәтті қалт жібермей қадағалаған төрешілер қызылордалық боксшының басым екенін лайықты бағалады. Нәтижесінде Азамат қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Ол 2013-2022 жылдар аралығында Жалаңтөс баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде білім алған.
Сондай-ақ ел біріншілігінде қызылордалық тағы бір боксшы Ақтілек Орынбасар (54 келі) қола жүлдегер атанды.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<